06 шілде 2021 | 09:11

Бүгін - Астана күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото © ️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 6 шілдеде Қазақстан астанасына 23 жыл толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке Қазақстан астанасы мәртебесін алған сәттен бастап, 1998 жылдан бері атап өтіледі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 6 шілдеде Қазақстан астанасына 23 жыл толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мереке Қазақстан астанасы мәртебесін алған сәттен бастап, 1998 жылдан бері атап өтіледі.

1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өргертілді, ал 2019 жылы 20 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдағаннан кейін өзінің ұлықтау рәсімінде Астананы Нұр-Сұлтан деп қайта атауды ұсынды.

Сонымен қатар, бұл күн биыл 81 жасқа толған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.

Қазақстан Президентінің телерадиокешені мерекеге орай 1998 жылғы астананың архив кадрларымен бейнеролик дайындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Мерекеге орай 3 шілдеде елордада ғалым-геолог, Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды.

"Қаныш Имантайұлы Сатбаев "өз Отанын мақтан ете алмайтын адам басқа елді даңқтауы екіталай" екеніне сенімді болды. Халқымыз Қаныш Сәтбаевты адалдығы, патриотизмі үшін құрметтейді. Қазақстандық индустриаландырудың басында құрылған Қазақ тау-кен металлургия институтын бүгінде Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті деп атағаны үлкен құрмет. Көрнекті ғалымға арналған жаңа ескерткішті аша отырып, халқымыз тағы да өзінің ұлына құрмет көрсетеді", - деді ескерткіштің ашылу рәсіміне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

Сол күні Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіштің де ашылу рәсіміне қатысты.

"Ең алдымен, бұл ұлттық өнерге, баға жетпес мұраға, халқымыздың байырғы дәстүрлеріне арналған ескерткіш. Бүгін өткенге құрмет көрсетіп, болашақ үшін бар жақсылықты сақтай отырып, домбыраның рухани күші әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне ілеседі деп сенеміз", - деді Қырымбек Көшербаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети