Синоптиктер 2018 жылдың 5 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2018 жылдың 5 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай болып, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстігінде және орталығында тұман болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады екен.
"Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл бұрады, Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысында түнде кей жерлерде тұман болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Павлодар облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады", - делінген хабарламада.
Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.