04 шілде 2019 | 10:01

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылдың 4 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2019 жылдың 4 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл, оңтүстікте, шығыста шаңды дауыл тұрады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік - батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 17-22 метр жел күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, жел 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, секундына 15-20 метр жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, секундына 15-20 метр жел күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети