ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қыркүйек 2019 | 10:15
Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2019 жылы 23 қыркүйекте аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2019 жылы 23 қыркүйекте аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, дауыл күтіледі, түнде солтүстік-батыста тұман күтіледі.. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күшейед, кей жерлерде найзағай күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстаранда түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі, кей жерлерде найзағай күтіледі, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жел 17-22, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Показать комментарии
Читайте также