Синоптиктер 2019 жылы 24 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылы 24 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігі кең алқапты антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (көбінесе қар). Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстікте-шығыста көктайғақ күтіледі, солтүстікте және шығыста жаяу бұрқасын күтіледі.
"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел кей жерлерде секундына 15-20 метр күшейеді, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай облысында жел секундына 18 метр күшейеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.