Синоптиктер 2019 жылы 10 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылы 10 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жауады, шығыста-қатты, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі.
"Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.