09 ақпан 2020 | 08:59

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2020 жылдың 9 ақпанында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2020 жылдың 9 ақпанында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан территориясының басым бөлігі терең циклон жырасының әсерінде болады, сонымен байланысты жауын-шашын күтіледі, оңтүстік аудандарда найзағаймен.  Тек республиканың батысында және  оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте бұрқасынмен", - делінген хабарламада. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-23 метр күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секундына 23-28 метр күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел секундына 18 метр, бұрқасын күтіледі. Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-23 метр, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында екпіні секундына 25 метр жетеді.  

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, оңтүстік-батысында секундына 30 метр және оданда артық күтіледі. Түркістан облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28, тау бөктерлерінде секундына 30 метр және одан артық күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети