Синоптиктер 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктер 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Метеорологтардың хабарлауынша, бүгін, 18 наурызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Тек республиканың оңтүстігінде күн ашық болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.
"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр, күндіз жекелеген аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман, таңертен және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейюі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күші секундына 15-20 метр, түнде тұман болады", - деп ескертті мамандар.
Сонымен қатар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді - секундына 15-20 метр. Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел, Қостанай облысының жекелеген аудандарында көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде тұман болады. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.