18 желтоқсан 2019 09:42

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы 18 желтоқсанда Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


2019 жылы 18 желтоқсанда Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Ақмола облысында тұман түсіп, боран соғады. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарында да қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді. 

Сондай-ақ, 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанады. 

Сондай-ақ, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел тұрып, көктайғақ болады.

Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. ШҚО-да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Нұр-Сұлтанда 18 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады деп күтіледі, ауа температурасы минус 8-13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз қар жауады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз ауа бір градусқа дейін жылынады. Кешке қар жаууы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети