©Нұрғиса Елеубеков
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "Қазақстан аумағының көп бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Атмосфералық таралымдардың өтуіне байланысты шығыста, оңтүстік пен қиыр солтүстікте ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады", - делінген хабарламада. Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұман түскен. Бұл өңірлерде күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деген болжам бар. Еске сала кетейік, бұған дейін наурыздың 20-сы күні кешкісін Алматы қаласы аумағында және наурыздың 2-сі күні солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерде қалың тұман түскен болатын.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Қазақстан аумағының көп бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Атмосфералық таралымдардың өтуіне байланысты шығыста, оңтүстік пен қиыр солтүстікте ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады", - делінген хабарламада.
Бүгін таңертең Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұман түскен. Бұл өңірлерде күндіз жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деген болжам бар. Еске сала кетейік, бұған дейін наурыздың 20-сы күні кешкісін Алматы қаласы аумағында және наурыздың 2-сі күні солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерде қалың тұман түскен болатын.