Бүгін, ертең бірқатар қалада ауа райы қолайсыз болады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, ертең бірқатар қалада ауа райы қолайсыз болады

30 қазанда Алматы, Астана және Ақтау қалаларында ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 қазанда Алматы, Астана және Ақтау қалаларында ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 30 және 31 қазанда көшпелі бұлт күтіледі, күндіз аздаған жауын-шашын, жаңбыр мен қар, секундына 2-7 метрге дейін жететін жел болады. 30 қазанда түнде ауа температурасы 4-6 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 2-4 градус жылы температураға дейін көтеріледі. 31 қазанда түстен кейін 0-2 градус аязға дейін салқындайды.

Алматыда 30 және 31 қазанда көшпелі бұлт болып, кейде секундына 3-8 метрге дейін жететін жел мен жаңбыр күтіледі. 30 қазанға қараған түні ауа температурасы 4-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 13-15 градус жылыға дейін көтеріледі. 31 қазанда 3-5 градусқа дейін салқындайды.

Ақтауда 30 қазанда жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі, жел секундына 5-10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 13-15 градусқа дейін жылынады. 31 қазанда жауын-шашын жаумайды, түнде ауа температурасы 6-8 градус жылыға дейін жетеді.

"30 қазан, 31 қазанға қараған түні метеорологиялық жағдай қала атмосферасын ластайтын заттар жиналуына ықпал етеді. Қалалар бойынша 30 тәулік, 31 қазанға қараған түні ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіліп отыр.

Ашық ауада, әсіресе, көлік жолдарының немесе басқа да ластану көздері маңында ұзақ уақыт болмау қажет. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек", - деді Қазгидромет өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети