Бүгін Қазақстанның 10 өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстанның 10 өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай, оңтүстік-батыс жел секундына 15-20 метр күтілуде. Дауылдың ықтималдығы 85-90%.
Алматыда таулы аймақтарда қауіпті жағдай.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Алматы облысында күндіз өңірдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, тұман, бұршақ күтілуде. найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 17-22 метр күтілуде. Оңтүстік-батыс жел секундына 15-20 метр. Тауда сырғыма қауіпті жағдай.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Қостанай облысында найзағай, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Қызылорда облысында найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін.
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр күтілуде. Түркістан облысында дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!