Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

Қазгидромет бүгін, 15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүретінін мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет бүгін, 15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүретінін мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік, күндіз +16+18 градус болады.

Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +21+23 градус болады.

Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16 градус, күндіз +31+33 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети