13 шілде 2015 | 12:21

Бүгін мұсылмандар қасиетті Қадір түнін күтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© namys.kz © namys.kz

Бүгін, яғни шілденің 13-інен 14-іне қараған түні бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған - Қадір түні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, яғни шілденің 13-інен 14-іне қараған түні бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған - Қадір түні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, Қадір кешінің уақыты күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады. Бұл түннің ғибадаттарын мұсылмандар мешіттерде де, өз үйлерінде де атқара алады.

"Кейбір мұсылмандар Қадір түнінде түні бойы дастархан жайып қойып, қолдарын қусырып отырумен шектеледі. Не болмаса, теледидар көріп, әңгіме айтумен өткізеді. Түні бойы көз ілмей шықсақ жеткілікті деп есептейді. Бұл да - қате түсінік. Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес. Қасиетті түнді Алла Тағалаға құлшылық жасау, намаздарды оқу, Құран оқу, үйрену, үйрету, уағыз айту және тыңдау, шариғат үйрену, тәсбіх тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру, мешітке келгенде дүние сөзін сөйлемеу амалдарын орындау арқылы өткізу керек", - дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, Қадір түнінен екі күн өткеннен кейін, яғни 16 шілде күні жиырма тоғыз күн ораза ұстағандар аузын ашады. Рамазан айы аяқталғаннан кейін үш күн Ораза айт мерекесі атап өтіледі. Биыл Ораза айты 17, 18, 19 шілде күндеріне сәйкес келіп отыр. Ораза айтының бірінші күні яғни 17 шілдеде еліміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети