ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарға арнайы үндеу жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарға арнайы үндеу жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы үндеуі жарияланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша жұмыс тобымен кездескен еді. Мемлекет басшысы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті.
"Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.