06 қыркүйек 2017 | 21:17

Бүгінде Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр - Джибути президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.

"Сіздің сапарыңыз "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жылдығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайықтысыз. Мен сізді құттықтаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өтті.

Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты.

"Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай өзгергенін атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр", - деді Джибути Республикасының Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети