Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі алмағайып дүниеде Қазақстанның армиясы кез келген қауіп-қатерлерге дайын болуы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанада өтіп жатқан әскери шеруден.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі алмағайып дүниеде Қазақстанның армиясы кез келген қауіп-қатерлерге дайын болуы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанада өтіп жатқан әскери шеруден.
"Ата-бабаларымыз дәуірлерге жалғасқан даңқ жолын, ерлік қасиеттерін бізге қалдырды. Біздің бүгінгі армиямыз - сол бабаларымыздың мұрагері. Қарулы күштеріміз еліміздің құдіретін әйгілеп, айбынын асыруы шарт. Сіздер Отанымыздың шебі бүтін, шекарасы берік болуына қызмет етесіздер. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз кәсіби армия құрды. Ел мүддесіне толығымен сай келетін Әскери доктрина қабылданды. Бүгінгі қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған. Қазақстан армиясы нағыз бес қаруы сай әскерге айналды. Бүгінгі әскери шеру соның бір дәлелі болса керек", - деді Н.Назарбаев.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің шекарасы бектіліп тұрса да, әрбір мемлекет өз жерінің тұтастығын жан аямай қорғауы тиіс. "Біз де, Қазақстан солай болуымыз қажет. Бүгінгі алмағайып дүниеде, лаңкестік күштер бас көтеріп тұрған заманда армиямыз әрқашан сақ, дайын болуы қажет. Бұл елдің әскерлер алдында қоятын талабы болады", - деді Елбасы. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев батыр бабаларымыздың ерлік жолын тек бейбіт заманның қаһармандары жалғастырсын деп тіледі.