ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2022 | 10:35
Бүгінгінің батыры, ең бай бизнесмендер. 11 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?
Ресейлік Бивол әлемдік рейтингте Головкинді басып озды. Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды. Forbes журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерін атады. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік Бивол әлемдік рейтингте Головкинді басып озды. Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттан құлаған қызды құтқарып қалды. Forbes журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерін атады. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.
Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті.
2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып, сол жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.
Ресейлік Бивол әлемдік рейтингте Головкинді басып озды
Беделді BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының 10 үздік рейтингін жаңартты. Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол 17-орыннан екінші орынға ауысып, Геннадий Головкинді үшінші орынға ығыстырды. Рейтингте бірінші орында мексикалық Сауль Канело Альварес тұр.
"Қайрат" капитаны командадан кететінін мәлімдеді
Алматылық "Қайраттың" капитаны Яцек Гуралькси командамен келісімшартты ұзартпайтынын растады. Польшалық футболшы "Қайрат" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның алматылық командамен 2020 жылдың желтоқсан айына дейін келісімшарты бар.
Азаматтардың банкроттығы: заң жобасы Мәжіліске өтті
Мәжіліс "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң жобасын қарайды. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын 2023 жылдың 26 сәуіріне дейін қарап, қорытынды әзірлеуге дайын.
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов бұл заң жобасының мақсаты - Қазақстан азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселені шешуге бағытталған қазіргі заманғы төлем қабілетін қалпына келтіру институтын құру екенін айтты.
"Атап айтқанда, борышкерлерге соттан тыс банкроттық, төлем қабілетін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері көзделген. Сонымен қатар, жауапкершілікті белгілеу де қарастырылып жатыр", - деді Құсайынов.
Қызылордада үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды
7 мамырда Қызылордада атыс болды. Осы дерекке байланысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, алты күдікті ұсталып, қамауға алынды. Төрт күдіктіге қатысты іздеу жарияланды. Кейінірек төбелес кезінде қаза тапқандар арасында қызылордалық спортшы Қуандық Жүсіп те болғаны мәлім болды.
Бұған дейін Қызылордада атыстан үш адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
Нұр-Сұлтанда ер адам 8-қабаттан құлаған қызды қағып алды
Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев жұмысқа асығып бара жатып, шығар алдында сегізінші қабатта терезеден асылып тұрған қызды көріп, құтқарып қалды. Ер адам көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Нью-Йорк соты Ілияс Храпуновқа санкция салды
Нью-Йорктің федерал соты Ілияс Храпуновқа "БТА Банк" АҚ және Алматы қаласы бастаған іс бойынша санкция салды. Ведомство хабарына қарағанда, АҚШ-тағы Нью-Йорктің Оңтүстік округінің аудандық соты 2022 жылдың 4 мамырында Ілияс Храпуновқа сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзғаны, дәлелдемелерді жойғаны және сотқа жалған жауап бергені үшін 221 285,31 доллар көлемінде санкциялар салды. Төлем 30 күн ішінде жасалуы керек.
Forbes журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерін атады
Ең бай қазақстандықтардың тізімінде елеулі өзгерістер болып, миллиардерлер саны сегізге жетті.
Толассыз жауыннан кейін Алматы көшелерін су басты
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан көшелер мен жекелеген аумақтарды су басты. Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылында қатты су тасқыны болған.
Алматы әкімдігі су тасқынының салдарын жою үшін мердігерлер кезекшілікке кіріскенін хабарлады. Көшелерден су өткізу және сору үшін жалпы саны 609 адам, 252 арнайы техника және 24 мотопомпа бар мобильді бригада жұмылдырылған.
Кептелістен үйіне жете алмай жатқан алматылық жүргізушілер 2GIS қосымшасында әзілдеді.
Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізілімі пайда болуы мүмкін
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды.
Жоспарға сәйкес:
- адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;
- мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;
- пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;
- арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін белгілеу;
- ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу;
- ӘҚБтК-ге Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларды параға сатып алуға қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу мақсатында түзетулер енгізу бастамалары қосылды.
Консультатив құжаттар биыл 13 мамырда жария талқылау үшін "Ашық НҚА" интернет-порталында, сондай-ақ агенттіктің интернет-ресурсында жарияланады.
Қостанайда прокурор өзіне қол жұмсады
Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдай 5 мамырда болған. Прокурордың артында әйелі мен кішкентай қызы қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также