8-қабаттан қызды қағып алған ер адам марапатталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

8-қабаттан қызды қағып алған ер адам марапатталды

Төтенше жағдай бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев 8-қабаттан қызды қағып алған Сәбит Шонтақбаевты  "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еске салайық, 11 мамырда Ұлы Дала көшесі 27/1 мекенжайында сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне баланың ілініп қалғаны туралы сағат 10.21-де хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеке құрамның 7 адамы мен 2 техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жөнелтілді.

"Келген сәтте сегізінші қабаттағы балконның ернеуіне ілінген баланы төменгі қабатта тұратын ер адам құтқарғаны анықталды. 2019 жылы туған қыз құлаған кезде ата-анасы үйде болған, бірақ баланың жанында ешкім болмаған. Жетінші қабатта тұратын Сәбит Шонтақбаев жылап жатқан баланы көріп, құтқару бойынша іс-қимыл жасап, санаулы секундтарда баланың өмірін сақтап қалды", - деді ТЖМ өкілдері.

"Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылды, бірақ соңы қайғымен аяқталған көптеген жағдай бар. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық тастамаңыздар, өйткені баланың әрекет етуі үшін бір секунд жеткілікті", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +27
Ақтау +25
Ақтөбе +17
Атырау +19
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +39
Түркістан +15
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер