27 маусым 2016 | 17:21

Бүгіннен бастап Қазақстанда көліктердің электронды куәлігі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда көлік құралдарына электронды куәліктер енгізілді. Бұл жаңалық Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге де қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда көлік құралдарына электронды куәліктер енгізілді. Бұл жаңалық Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге де қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 маусымда Еуразиялық экономикалық одақта көлік құралдарының бірыңғай куәліктері, өздігінен жүретін машиналар және техниканың басқа түрлері және электронды куәліктер жүйесін ұйымдастыруды енгізу туралы Келісім күшіне енді.

"Одақта автомобиль, ауылшаруашылық, жол-құрылыс және техниканың өзге де түрлерін пайдаланудың тиімді жолдары жасалды. Одақтас мемлекеттерде көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және өзге көліктің өзге түрлерінің электронды куәліктерін рәсімдеудің бірыңғай тәртібі енгізілді. Көлік құралдарының иелері үшін көлікті тасымалдау, сату-сатып алу және дөңгелекті-шынжын табанды нысандармен байланысты басқа да әрекеттердің тиісті процедурасы айтарлықтай оңайлатылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Facebook желісіндегі парақшасында электронды көлік куәліктерінің ескірген қағаз баламаларына қарағанда айтарлықтай басымдықтарға ие екендігі айтылады. Нақтырақ айтсақ, бұл - дөңгелекті немесе шынжыр табанды нысанның тіршілік кезеңіндегі ақпараттық қолдауы, техникалық сипаттамалары туралы ауқымды мәліметтің болуы, құрылымына енгізілген өзгерістер туралы толық әрі өзекті мәліметтер. 

"Электронды куәлікті жоғалтып алу немесе бүлдіріп алуға келмейтіні де маңызды. Оның үстіне электронды куәліктер жүйесінде бар барлық мәліметтер ашық болады, мәселен көліктің иесіне немесе белгілі бір құзырлы мемлекеттік құрылымдарға барынша ашық болады да, ал өзгелерге шектеулі болады. Электронды куәліктер жүйесінің тағы бір басымдығы - онда бар мәліметтердің кеңеюі, мәселен мәліметтерді жол-көлік оқиғалары туралы, техникалық бақылаудан өтуі туралы, сақтандыру және сол сияқты тіршілік кезеңіндегі өзгерістер туралы деректермен толықтырып отыруға болады. Электронды куәлік - машинаның толық биографиясы, оның "туғанынан" мен "өлгеніне" дейінгі өмірінің сипаты. Тіпті жойылғаннан кейін де белгілі бір көлік құралын мәліметтердің бірыңғай базасында мәңгілікке сақтауға болады", - делінген парақшада. 

Еуразиялық экономикалық Алқасының шешімінің қазіргі редакциясына сәйкес, электронды куәліктерді рәсімдеуге бірқалыпты өтудің өтпелі тәртіптері белгіленген. Мұнда қағаз куәліктерді тіркеу мүмкіндігі қарастырылған, ал бұл ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында бекітілген: көлік құралдарына қатысты (дөңгелекті) - 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін, өздігінен жүретін машиналар - 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети