01 мамыр 2014 | 22:52

Бүкіләлемдік банк Қазақстанға 2,5 миллиард доллар қаржы бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік банк Бүкіләлемдік банк

Бүкіләлемдік банк экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге қолдау көрсету үшін Қазақстанға 2,5 миллиард доллар қаржы бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметі, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агентік арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы және өсуіне ықпал ету мақсатындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Серіктестік туралы шектелмелі келісім бойынша беріледі.

Иконка комментария блок соц сети

Құжатқа Қазақстан халқының Бірлігі күні Ақордада өткен кездесуде қол қойылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік банкпен ынтымақтастық қаржы секторын, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту, іскерлік климатты жетілдіру мен инновацияны ынталандыру, экономикаға инвестиция тарту, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту, кәсіби-техникалық мамандар даярлау, аймақтарды орнықты және экологиялық дамыту салаларында жүзеге асырылатындығын атап айтты.

Бүкіләлемдік банк пен Қазақстан қол қойған келісімді жүзеге асыру үшін Үйлестіруші кеңес құрылады. Оның құрамына мүдделі тараптардың барлығының өкілдері кіреді. Жобаны басқару ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке жүктелгені мәлімденді.

"Сіздердің жұмыстарыңыз біздің елімізге пайдалы нәтижелер әкелуде, әрі Қазақстанда тұрақты түрде жоғары баға алып отыр. Банктің портфелінде міндеттемелерінің жалпы сомасы 3,6 миллиард доллар шамасындағы 10 инвестициялық жоба бар. Оның 1,5 миллиарды игерілді. Біздің бұдан арғы ынтымақтастық туралы жаңа ұсынысымызды қабыл алғандарыңыз үшін сіздерге ризамын, – деп Бүкіләлемдік банк Қазақстанда жүзеге асыратын жобаларға тоқталып өтті Н.Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети