Букмекерлер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым: Мәжіліс жаңа заң қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, блогерлер мен инфлюенсерлерге, сонымен қатар басқа да қазақстандықтарға букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл үшін 200 мың теңге айыппұл қарастырылған.

"Бүгін қоғамымызға тікелей әсер ететін өте маңызды заң жобасын қабылдап отырмыз. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент лудоманияны XXI ғасырдағы басты әлеуметтік зұлымдық деп атады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ойынға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспары қабылданды", - деді Бейсенбаев.

Мәжілісменнің айтуынша, құжатта құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге шектеу қойылған тұлғалардың тізімі анықталған. Бейсенбаевтың айтуынша, басты жеңістердің бірі – борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғаларға құмар ойындарға тыйым салу.

"Бұл - шамамен 3,5 миллион адам. Біздің ойымызша, олар букмекерлік кеңселер мен казинолардың әлеуетті клиенттері. Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйым басшылары бәс тіге алмайды. Бұл - шамамен 280 мың адам", - деді Бейсенбаев.

Мәжілісменнің айтуынша, аталған санаттағы тұлғаларға ешқандай ескерту жасалмайды. Егер адам бәс тігетін болса, бірден жұмыстан шығарылады.

Сонымен қатар, заң жобасы заңнамаға мынадай өзгерістер енгізуді көздейді:

  • байланыс операторларына ойын жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салу;
  • букмекерлік кеңселер мен казинолар жарнамасын шектеу;
  • шетелдік букмекерлік кеңселер, лицензиясы жоқ және онлайн казинолардың интернет-ресурстарына толық тыйым салу. Енді онлайн-казиноларды ұйымдастырушылар екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro