05 қаңтар 2021 09:08

"Бұл - ащы да болса, шындық" - Тоқаев жер қадірін білуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Президент "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ жеріне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Президент "Егемен Қазақстан" газетіне шыққан "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын екенін айтты.

"Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес.

Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл - ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет", - деп жазды Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети