Бұл бұзылған автомобильдің даусы болған - Абаев Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы ақпарат жөнінде

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпарат құралдарында Ақтөбедегі балалар лагеріне оқу ату туралы жарияланған ақпаратты түсіндіргім келеді", - деп бастады сөзін министр Facebook әлеуметтік желідегі парақшасындағы хабарламада.

"Оқиға былай болды. Бірінші. Бүгін Ақтөбедегі аудандардың бірінің тұрғындары полицияға хабарласып, атысқа ұқсас дыбыстың естілгенін хабарлайды. Қазір еліміздің, әсіресе Ақтөбе тұрғындары қырағылық танытып, қарулы күштер құрылымының жұмысына көмектесіп жатыр. Контртеррорлық операция кезінде азаматтардан түскен кез келген хабарламаға құқық қорғау органдары жедел әрекет танытады. Сонымен қатар, ол туралы ақпарат жедел түрде елдің басшылығына жеткізіледі. Дәл осы сәт камераға түсіріліп, Мемлекет басшысының және ҰҚК төрағасының қатысуымен өткен сюжетке енгізіліпті. Екінші. Сол кезде оқиға орнына жеткен жедел топ атыстың болмағанын анықтады. Бұл жәй ғана бұзылған автомобильдің даусы болып шықты", - деді Абаев.

Ол мұндай жағдайдың Павлодарда да болғанын айта кетті.

"Екі ақпараттың таратылған уақыт айырмашылығы 40 минут болған. Мұндай деректі тексеруге осыншама уақыттың кететіні сөзсіз. Сондықтан да әріптес-журналистерге мемлекеттік органдардан түскен хабарламаны тарататын кезде мұқият болуға шақырамын. Барлығы қателеседі. Біз өз тарапымыздан БАҚ өкілдеріне халыққа ақпаратты жеткізу үшін ары қарай қолдау көрсетеміз", - деді министр.

Сөз соңында ол қазақстандықтарға құқық қорғау органдарының жұмыстарына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro