24 қараша 2020 | 16:34

"Бұл мәселе жеке бақылауымда" - Сағынтаев Алматыда заңсыз оталған ағаштар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев/Tengrinews.kz © Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі бұл мәселені өз бақылауына алатынын айтты.

"23 қарашаға қараған түні Sulpak сауда үйі жанында заңсыз 13 ағаш кесілді. Бұл өрескел оқиға Президент пен қоғамның наразылығын тудырды. Қала әкімдігі ағаш кесуге рұқсат берген жоқ. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қазіргі уақытта сауда үйінің жанындағы аумақты Arena S ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК "Сакура" мен "Бурибекова" мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды. "Сакура" ЖК-ның басшысы ҚР ӘҚБтК 437 бабы бойынша түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған болатын.

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Тоқаев Сағынтаевқа тапсырма берді

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети