14 қыркүйек 2021 09:25

"Бұл муляж емес, тамақ": студенттер Павлодар колледжіндегі тегін түскі асты күлкі етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар колледжінің студенттері қатып қалған тамағын видеоға түсіріп, бұл олардың тегін түскі асы екенін мәлімдеді. Колледждің асханасында тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар колледжінің студенттері қатып қалған тамағын видеоға түсіріп, бұл олардың тегін түскі асы екенін мәлімдеді. Колледждің асханасында тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да тараған кадрлардан студент тамақ салынған тәрелкені төңкергенін көруге болады, бірақ тамақ орнынан қозғалмайды. 

"Бұл муляж емес, тамақ", - дейді жігіт. Осы сәтте кадр сыртында күлген дауыс естіледі.

Видео Желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Павлодарлықтар оқу орнының асханасында тексеру жүргізуді және ас блогын жалға алушыларға тиісті шаралар қабылдауды талап етті.

Павлодар колледжінің өкілдері жағдай тексеріліп жатқанын хабарлады.

Оқу орнының мәліметінше, студенттерді тамақтандырумен жеке кәсіпкер айналысады және бұған дейін оқушылар тамаққа шағымданбаған.

"Қызмет көрсету кезінде студенттер тарапынан тамақ дайындау сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр, комиссия жұмыс істейді", - деді Павлодар колледжі өкілдері.

Тексерушілер құрамына қамқоршылық кеңесінің, колледж әкімшілігінің өкілдері, медицина қызметкерлері, ата-аналар мен студенттер кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети