Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы америкалық The World's Best шоуына қатысқан қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешоваға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы америкалық The World's Best шоуына қатысқан қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешоваға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Міне, достарым, Димаш Құдайбергеннің The World's best таланттар шоуына әрі қарай қатыспайтыны туралы шешімі және Данэлия Төлешованың финалға өтпегені баршаға белгілі болды. Шоу былтыр жазылған болатын. Біз құпиялық туралы қол қойған келісімшарттар талаптарын сақтадық.
Димаш пен Данэлия басынан бір жарыс тобына түсіп, бір-біріне қарсылас болуға мәжбүр болды, бұл жағдай, әрине, олардың көңілінен шыққан жоқ. Димаш Данэлияға мүмкіндік туғызу үшін өз бетінше қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады - бұл нағыз азаматтың әрекеті болды", - деп жазды министр.
Сондай-ақ, Мұхамедиұлы Данэлия мен Димаштың жас таланттар қатарына енуінің өзі жетістік екенін айтып өтті.
"(...) Біз үшін олар бірінші нөмірлі The World's best. Шоу кезіндегі көрермендердің дауыс беруі осының дәлелі. Димаш көрермендерді өнерімен жаулап алды, қазылар оны жеңіске басты үміткер деп есептеді. (...) Данэлия мен Димашты кезекті байқаумен құттықтаймын! Жарайсыңдар, біз сендерді мақтан тұтамыз. Сендердің болашақтарың жарқын болатынына кәміл сенемін. The World's best байқауының жеңімпазы индиялық жас пианист Лидиан Надвасхарамды да құттықтаймын және өнер жолында табыс тілеймін!", - деді мәдениет және спорт министрі.
Бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің The World's Best шоуынан кеткені хабарланған еді. Димаш Құдайберген Adagio композициясын орындаған болатын.
Ал кейінірек Данэлия Төлешованың финалға шыға алмағаны хабарланған еді. Шоудың кезекті кезеңінде Данэлия әнші P!nk-тің What About Us композициясын орындады.