22 маусым 2020 | 09:27

"Бұл - нағыз тозақ" - астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуле Атығаева © Видео кадры Сәуле Атығаева © Видео кадры

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева "Хабар" телеарнасына қалалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөліміндегі жағдай туралы айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева "Хабар" телеарнасына қалалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөліміндегі жағдай туралы айтып берді. 

"Егер 28 қаңтардан бастап санасақ, жұмыста жүргенімізге бес ай болды. Үйге мүлде бармаймыз. Алғашқы күннен бастап аурухана жартылай бос қалған күн жоқ. Бірақ соңғы аптада адамдардың да, жағдайы ауыр науқастардың да саны өсті. 

Қазір стационарда жатқан 95 пайыз науқас - пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі барлар - оттегін қажет ететіндер. Біздің жансақтау бөлімі толы", - дейді дәрігер. 

Маман қазақстандықтарды жағдайға саналы түрде қарап, өзін және жақындарын сақтауға шақырды. 

"Мен демігіп қалатын, жағдайы нашар, оттегі жетіспейтін науқастарды жиі көремін. 28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдықты бірінші рет көруім. Көптеген адам қайтыс болады. Ештеңені ескермейтіндіктен. Сыртқа шығады, қонаққа барып, адамдарға жұқтырады. "Италиялық сценарий" деп жатамыз. Бірақ ол шын мәнінде де солай", - дейді көзіне жас алған дәрігер. 

"Сеніңіздер, бұл өте қиын. Бәріміздің қолымыздан антидеприсант түспейді. Басқаша болмайды. Осылай жүргенімізге төрт ай болды, бұл - нағыз тозақ. Шын мәнінде өте қиын", - дейді Сәуле Ағытаева. 

 Еске салайық, 22 маусымдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 3451 адам бар. Оның 2291-і аурудан айығып шыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети