01 маусым 2018 | 15:51

Бұл індет емес - Біртанов Қазақстандағы менингококк жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық өңірді бақылап отырмыз. Таңғы уақыттан бері еліміз бойынша 55 дерек тіркелді. Менингококк инфекциясы ең көп тіркелген өңір - Алматы, онда 31 жағдай тіркелді. Ақмола облысында - 2, Ақтөбеде - 3, Алматы облысында - 3, ШҚО-да - 4, Жамбыл облысында - 1, Қарағандыда - 1, Павлодарда - 2, ОҚО-да - 4, Астанада - 4. Бірақ бұл індет емес," - деп жауап берді министр журналистерге.

Сондай-ақ, министр ауа райына байланысты мұндай жағдайлардың әлі де тіркелетінін жоққа шығармады.

"Дүйсенбіде Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және біздің комитеттегілермен бірге осы жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарларды бекіттім. (...), - деді Біртанов.

Сондықтан министр ата-аналарға балаларымен бірге көп адам жүретін жерлерге бара бермеуге кеңес берді.

"Мешіттегілерден бөлмені желдетіп тұруларын сұрадық. Сондай-ақ, Мұсылмандар діни басқармасының өкілдеріне студенттерден ораза ұстауды тоқтатуларын сұрауды өтіндік. Себебі ораза кезінде организм өзгереді, иммунитет де өзгереді", - деді ведомство басшысы. Мұнымен қоса, Біртанов ораза кезінде саяхаттамауға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети