Бұл өтірік - Қасымбек Қазақстанға қытайлық қауіп жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл өтірік - Қасымбек Қазақстанға қытайлық қауіп жайлы © Бота Альжанова/facebook.com

ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек 55 зауыт туралы мәлімдемені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында желіде тарай бастағаны біртүрлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек 55 зауыт туралы мәлімдемені Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында желіде тарай бастағаны біртүрлі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Іс-сапар туралы бірдеме деп айту қиын. Әрине, іс-сапар алдында осындай әңгімелердің шығып жатқаны таңғалдырады. Ешқандай шешім шығара алар емеспін, мұнымен құзырлы органдар айналысады, бірақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары қарсаңында осындайды шығарып жатқандары біртүрлі", - деді Қасымбек.

Осы жағдайға байланысты Үкімет түсіндіруге шешім қабылдаған.

"Қоғамға түсінікті болу үшін, бұл жобалар, қажет дүние, олардан Желіде айтылып жатқан ешбір қауіп жоқ. Шындап келгенде жарияланып жатқан мәселелер мен Желідегі сұрақтар, ешбір негіз жоқ және қатты айтқанда мұның барлығы өтірік", - деді Қасымбек үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайға барады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети