05 ақпан 2019 | 13:23

"Бұл өз таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистердің Астанадағы бес қыздың өліміне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистердің Астанадағы бес қыздың өліміне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін Светлана Жақыпова журналистерге ведомство өкілдерінің қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтқанын хабарлады. Сондай-ақ, вице-министр ведомствоның көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларын қайта қарап жатқанын айтты. 

"Таяуда ол шаралар туралы айтамыз... Бүгінде министрліктегілер осы ұсыныстарды қарап жатыр", - деді Жақыпова.

Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардың арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, отбасы табысы төмен болса, қосымша жәрдемақы алатынын айтады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда отбасыларға әлеуметтік көмек берілетінін айтады.

"У-шусыз жауап берейін. Бүгінде министрлікте көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мәселесін жетілдіру талқыланып жатыр. Осыған дейін ешқандай шаралар қолданылған жоқ деп ойламаңыздар", - деді Жақыпова.

"Ал министр қайда (Мадина Әбілқасымова), ол кешеден бері ем алып жатыр дейді ғой?", - деп сұрады журналистер.

"Жоқ, кешеден бері емес, өткен аптадан бері ауырып жатыр", - деді вице-министр.

"Қаза тапқан балалардың отбасына барып қайттыңыз ба?", - деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілі.

"Барып қайттық. Кеше министрдің өзі де барып қайтты", - деді Жақыпова.

"Ата-анасы неге түнде жұмыс істеуге мәжбүр болған?", - деп сұрады журналистер.

"Бұл өз таңдаулары", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Мұның алдында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанада өрттен қаза тапқан балалардың оқиғасынан кейін тапсырма берген болатын. Үкімет отырысы барысында Бақытжан Сағынтаевқа жергілікті биліктегілердің қайғылы жағдайдан кейін қандай шара қолданып жатқаны баяндалған еді.

Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясы

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети