"Бұл тәжірибесі жоқ компаниялардың "ерігетін" саласы емес". Астанада лифт компаниялары тексерілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұл тәжірибесі жоқ компаниялардың "ерігетін" саласы емес". Астанада лифт компаниялары тексерілетін болды Иллюстрация

Астанада барлық лифт компаниялары тексерістен өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада барлық лифт компаниялары тексерістен өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Әкімдікте құрылыс сапасы мәселелеріне қатысты кеңес өтті. Оған елорданың құрылыс компаниялары, ПИК пен бақылаушы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында Астана әкімі қаланың лифт шаруашылығына қатысты сұрақтарды көтерді. 

"Жыл басынан алты оқиға тіркелді. Жақында екі бала лифтте қамалып қалған болатын. Мұндай жағдайлар неліктен болады? Сала толығымен бизнестің қолында. Бізде 60-тан астам компания жұмыс істейді. Алайда, біздің бағалауымызша, осы компаниялардың жартысының жартысын да ғана лайықты қызметкерлері, жабдықтары және тағысын-тағылары бар. Қалған ПИК тұрғындардың келісімінсіз шарт жасасады", - деп мәлімдеді Әсет Исекешев. 

Ол, әкімдіктің заңға лифт компанияларының қызметін ретке келтіруді көздейтін түзетулерді дайындағандығын жеткізді. Ал заң қабылданғанға дейін елорданың барлық лифт компаниялары тексерілетін болады. 

"Бұл компанияларды реттеу керек. Олардың мамандары да, материалды техникалық базасы да талапқа сай болуға міндетті. Тұрғын үйлерде 4900-дей лифт бар. Біз оларды тексеріп жатырмыз. Бұл шараларды күшейткен жөн. Бүгінде прокуратураның лифттерді пайдалануға қатысты кезектен тыс тексерістерді жүргізу алгоритмі дайын. Біздің пайымымызша, бұл тәжірибесі жоқ компаниялардың "ерігетін" саласы емес. Адамдар қауіпсіздігіне қатысы бар жерде тек кәсіпқойлар жұмыс істеуі керек. Сол себепті, әкімнің орынбасарларына, басқармалар мен басқа да органдардың басшыларына лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды күшейтуді, бақылау және сапа басқармасына барлық 69 лифт компаниясында тексеріс шараларын жүргізуді тапсырамын", - деді әкім. 

Айта кетейік, бұл сұрақтарға әр ПИК пен қызмет көрсетуші ұйымның төрағасы азаматтық қорғау және тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес жауапты болады. Құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда, іс құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Бұған дейін Исекешев баспана сапасы жайында айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети