Бүлдіршін өліміне дәрігер салғырттығы себеп болған - прокурор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүлдіршін өліміне дәрігер салғырттығы себеп болған - прокурор

Алматы облысында прокуратура қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында прокуратура қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

"Тексеру қорытындысын процестік шешім қабылдау үшін Алматы облыстық Полиция Департаментіне жолдады. Кішкентай нәрестенің өліміне медициналық қызметкерлер дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетпеуі себеп болған", - деді Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Медғат Қабылқайыров.

Бір ай бұрын Есік қаласының тұрғыны қызымның өліміне кінәлі азаматтар жазасын алсын деп телаарнаға сұхбат берген. Оның айтуынша, дене қызуы көтеріліп барған бүлдіршінге дәрігерлер дер кезінде көмек көрсете алмаған. Тек уақытша симптомдарды басатын дәрі беріп, қайтарып жіберген. Басы дауға қалған Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасының дәрігерлері сол кезде оқиғаға қатысты нақты жауап бере алмаған еді.

"Келгенде менен анализ алған жоқ. Науқастың медициналық кітапшасы менің қолымда, ашып қараған жоқ. Ашып оқыса қызымды аман алып қалар ма еді? Кінәсін мойындап тұр. Үндемейді. Жауабын естіп тұрсыздар", - деді Есік қаласының тұрғыны Әсел Даниярова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети