21 шілде 2020 08:50

Бурабай мен Зерендіге блокбекет қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының туристік аймақтары демалушылар үшін 3 тамызға дейін жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының туристік аймақтары демалушылар үшін 3 тамызға дейін жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус жұқтыру дерегінің көбеюіне және демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмен деңгейіне байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары 2020 жылдың 24 шілдесі сағат 00.00-ден 3 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін жабылады", - делінген Ақмола облысының туризм басқармасының Instagram-дағы хабарламасында.

Туристік аймақтарға кіру кезінде периметрі бойынша блокбекет орнатылады және автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұрын келген туристер қонақүйлер мен санаториялық-курорттық нысандарда қалады. Демалыс аймағында жүрген адамдар маска тағу тәртібін және әлеуметтік қашықтық ережесін сақтауы қажет. Отельерлерге брондауға өтінімдерді қабылдауды жүргізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаториялық-курорттық объектілер күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысын жалғастырады. Жалға алынған жағажайлар, сауналар, қонақүйлер жанындағы бассейндер қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, су айдындарының жағалау сызығында орналасқан ойын-сауық және сауда орындарының, қайық станцияларының жұмысы тоқтатылды.

"Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін облыс және жақын аймақ тұрғындары жағдайға түсіністікпен қарап, демалыс және адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту қажет", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети