Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бурабайдағы лагерде қайтыс болған қыз ішек инфекциясын жұқтырмаған болып шықты

12 Шілде 2014, 14:06
1
Қайтыс болған Аружан. КТК телеканалының кадры
Қайтыс болған Аружан. КТК телеканалының кадры

Бурабайдағы лагерьде қайтыс болған 9 жасар оқушы Аружан Әбілдинова ішек инфекциясын жұқтырмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Бурабайдағы балалар лагеріне демалуға келген қыз Көкшетаудағы ауруханалардың бірінде көз жұмған болатын. 

"Бурабайдағы лагерьде 9 жасар оқушының қайтыс болуына орай Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Бурабай орталық ауруханасынан А.Әбілдинаның тірі кезінде алынған биологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеулерді аяқтады. 2014 жылғы 11 шілдеде жүргізілген зерттеу сынамаларында шартты патогендік және патогендік флора табылмады, бұл А.Әбілдинада ішек инфекциясы болмағанын білдіреді. Дегенмен сот-медициналық сараптама одан әрі жалғастырылуда", - деді ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. 

Еске сала кетейік, Аружан Әбілдина Қарағанды облысынан Бурабай ауданы Қотыркөлдегі "Континент" балалар сауықтыру лагеріне демалуға келген болатын. Осында ол асқынған ішек жұқпалы ауруын жұқтырды деген диагнозбен, Бурабай аудандық ауруханасына, кейін ем қонбаған соң, ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сонда ес жимастан жантәсілім еткен еді. Баласынан айырылған қыздың анасы "дер кезінде қызына көмек көрсетпеді", - деп лагерь тәрбиешілерін айыптауда. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жалғасуда.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай