Бүркітші қазақ қызы Моңғолия президентінің марапатына ие болды

28 Желтоқсан 2018, 18:23
0
Бүркітші қазақ қызы Моңғолия президентінің марапатына ие болды - © іnstagram.com/adrien.dogz/
© іnstagram.com/adrien.dogz/

Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғаева (бүркітші қыз болып танылған) сол елдің ең жоғары марапатына лайық болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қыз бала Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Алтан гадас" - Темірқазық марапатын бүркітші қызға Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга табыстады. 

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулгидің жарлығымен, Баян Өлгий округіндегі мектеп оқушысы бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаева "Алтын гадас" (Темірқазық) орденімен марапатталды", - делінген news.gogo.mn сайтында.  


© facebook.com/nurgaivaisholpoan

Айшолпан Нұрғаева бірнеше жыл бұрын бүркітшілер жарысында жеңіске жетіп, танымал болды. Сонымен қатар, ол жарысқа қатысқан ең жас қатысушы болған. Ол кезде қазақ қызы туралы барлық шетелдік БАҚ өкілдері жазды. Ер адамдардың спорт түрімен айналысатын моңғолиялық қазақ қызы туралы деректі фильм "Оскар" кинопремиясының шорт-тізбегінде пайда болды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай