Этникалық қазақ, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаева Астанадағы өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Этникалық қазақ, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғаева Астанадағы өмірі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, ол қазіргі уақытта Астанада, Spectrum халықаралық мектебінде оқып жатыр. Бүркітші қыз астаналықтардың ақкөңіл екенін және елордадағы ауа райынан еш қорықпағанын айтады.
"Өз отанымда білім алып жатқаныма қуаныштымын. Сабағым жақсы, ағылшыным да осында дұрысталды. Астанада бізден қарағанда жылы", - дейді Нұрғаева.
Айта кетейік, Айшолпан бірнеше жыл бұрын бүркітшілер сайысында бірінші орын алғаннан кейін әлемге белгілі бола бастады. Ол жарыстың ең жас қатысушы болды және барлық шетелдік БАҚ-тың назарына түскен. Тіпті ол туралы фильм "Оскар" жүлдесінің қысқа тізіміне де енген болатын.