Бұршақ пен шаңды дауыл: Қазақстанның бірнеше аймағында ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұршақ пен шаңды дауыл: Қазақстанның бірнеше аймағында ескерту жасалды

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел, шаңды дауыл тұрады және бұршақ жауады деп болжануда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел, шаңды дауыл тұрады және бұршақ жауады деп болжануда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр  найзағаймен  болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі.

"Оңтүстік Қазақстан,  күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, тұман болады. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман  күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, тұнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі өте жоғары деңгейде қылп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети