13 мамырда синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің барлық аумағында дерлік жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 мамырда синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің барлық аумағында дерлік жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында – найзағай, бұршақ, нөсер күтіледі.
Алматы облысында – таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Ұлытау облысында – найзағай күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында – желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында – күндіз найзағай ойнап, бұршақ, нөсер жаууы мүмкін. Облыстың шеткі оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында – тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында – желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысыда – Түркістан облысының шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында - қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Күндіз найзағай ойнайды.
Қызылорда облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында – Қазалы ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында – оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында – күн күркіреп, күндіз найзағай ойнайды, облыстың шығысында және оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада – екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!