Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел, шаңды дауыл тұрады және бұршақ жауады деп болжануда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты жел, шаңды дауыл тұрады және бұршақ жауады деп болжануда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі.
"Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, тұман болады. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, тұнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады", - дейді мамандар.
Сонымен қатар, Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі өте жоғары деңгейде қылп отыр.