"Бұрын ешкім келмейтін". Демалыс күндері жұрт Қапшағайға ағылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған Видеодан алынған

Демалыс күндері Қапшағай су қоймасының жағажайлары жақын орналасқан қала мен ауылдан келген демалушыларға толып кетті. Әлеуметтік желілерде адам шоғырланған жағажайды көрсететін видеолар таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Демалыс күндері Қапшағай су қоймасының жағажайлары жақын орналасқан қала мен ауылдан келген демалушыларға толып кетті. Әлеуметтік желілерде адам шоғырланған жағажайды көрсететін видеолар таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларларынан Қапшағай жағалауында тұрған жүздеген көлікті көруге болады. Кейін ол көліктің бәрі Алматыға бет алған.

"Кеше Қапшағай қаласында миллион адам болды. Мен ешқашан мұнша көп адам жиналғанын көрген емеспін. Су қоймасына баратын жолдағы кептеліс бірнеше шақырымға созылды. Бұдан бірнеше жыл бұрын адамдар мұнда келгісі келмейтін", - деп жазды @baidynkyzy есімді TikTok қолданушысы.

@baidynkyzy

#капчагай2021

♬ La Câlin - Serhat Durmus

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай жағдай әр демалыс сайын болатынын атап өтті. Онда ешкім карантинді сақтамайтыны айтылған.

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл видеоға түсінік берді.

"Демалыс күндері Қапшағай қаласындағы су қоймасында адамдар көп жиналды, жергілікті атқарушы орган жанындағы мониторингтік топтар демалыс үйлерінің кәсіпкерлік нысандарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді және алдын алу шаралары туралы ескертті", - деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, дәрігерлер санаторий-курорттық аумақтар мен демалыс үйлерінде карантин ережелерін сақтау туралы еске салды.

"COVID-19 бойынша профилактикалық іс-шараларды қатаң сақтау, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде, қозғалыс қарқындылығы байқалатын ресепшендер алдына белгілер қою немесе шектеу тіректері арқылы әлеуметтік арақашықтық аймақтарын айқындау керек. Бұдан басқа, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындалады (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныс құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептика құралдары қорын қадағалау), журнал жүргізу, маска тағу, респираторлар, сулықтар жинау, жабдықтар мен өңдеу)", - деп хабарлады санитария дәрігері.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы Баянауыл жағажайларында да осындай жағдай байқалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro