Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа үкім шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа үкім шықты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа үкім шығарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа үкім шығарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биғайдаровтың айтуынша, Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Ресми өкілдің сөзінше, Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу деректері бойынша тергелген.

"Бұл іс "Құпия" белгісімен тергелгендіктен, іс материалдары мен қылмыстың мән-жайлары жария етілмейді. Сондықтан бұл сұраққа толық жауап беруге мені қылмыстық заңнама шектейді", – деді Данияр Биғайдаров.

Бекетаевтың ісі

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне қатысты деректер құпия.

Министр 2023 жылдың қазан айында қамауға алынған. Күні бүгінге дейін қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Бекетаевқа "үлескер компаниялардың мүддесін қолдап, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді" деген айып тағылып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети