Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін режиссер, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Азимовтың үлкен ағасы Руслан 69 жасында өмірден өтті.
⠀
Руслан Жұмабайұлы белгілі тілші әрі жазушы Жамбыл Азимовтың отбасында дүниеге келген. Ол Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, Вильямс атындағы Мәскеу Ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты.()Марқұмның бауыры Сергей Жұмабайұлы Азимовқа және барлық туған-туыстарына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұжымының атынан қайғырып, көңіл айтамыз. Қазаның арты қайырлы болғай!", - делінген орталықтың хабарламасында.
Ұлттық киноны қолдау орталығында атап өткендей, Руслан Әзімов республикадағы алғашқы "Агро" мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды, өзі құрған халықаралық Қазақстандық агроөнеркәсіптік биржаның президенті болды.
1997 жылдың желтоқсанында Азимов ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Содан кейін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің төрағасы; "Қазақстанның Астық одағы" және "Қазақстанның астық пулы" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, республикалық астық экспорттаушылар қауымдастығының президенті, Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі, сондай-ақ "азық-түлік келісімшарт корпорациясы" басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!