11 желтоқсан 2020 15:13

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Әзімов 69 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін режиссер, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Азимовтың үлкен ағасы Руслан 69 жасында өмірден өтті.

Руслан Жұмабайұлы белгілі тілші әрі жазушы Жамбыл Азимовтың отбасында дүниеге келген. Ол Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, Вильямс атындағы Мәскеу Ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты.()

Марқұмның бауыры Сергей Жұмабайұлы Азимовқа және барлық туған-туыстарына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұжымының атынан қайғырып, көңіл айтамыз. Қазаның арты қайырлы болғай!", - делінген орталықтың хабарламасында.

Ұлттық киноны қолдау орталығында атап өткендей, Руслан Әзімов республикадағы алғашқы "Агро" мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды, өзі құрған халықаралық Қазақстандық агроөнеркәсіптік биржаның президенті болды.

1997 жылдың желтоқсанында Азимов ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Содан кейін Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің төрағасы; "Қазақстанның Астық одағы" және "Қазақстанның астық пулы" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, республикалық астық экспорттаушылар қауымдастығының президенті, Президент жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі, сондай-ақ "азық-түлік келісімшарт корпорациясы" басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети