Бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан БҚО тұрғынына іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан БҚО тұрғынына іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. 8 сәуірде түнгі сағат 02:00 шамасында Бәйтерек ауданы Переметное ауылында дәмханалардың бірінің маңында 33 жастағы ер адам өзінің 28 жастағы әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан, кейін қылмыс орнынан бой тасалаған.
"Жәбірленуші тірі, ол Бәйтерек аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Күдіктінің тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздестіру және күдіктіні анықтауға полицияның барлық күші мен құралы жұмылдырылған. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!