Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты Жомарт Ертаев

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев колониядан босатылды. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, Ертаев сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген.

"Сот шешімі негізінде оған амнистия актісі қолданылды, соған байланысты ол босатылды. Қосымша хабарлаймыз, сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жатады", – деді ҚАЖК өкілдері.

Сондай-ақ Ертаевты әрі қарай бақылау және қадағалау үшін пробация қызметі есебіне қойылғаны айтылды.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында экс-банкир Жомарт Ертаев RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Онымен қатар тағы 35 адам сотталды.

Кейін Ертаевқа басқа қылмыстық іс бойынша да үкім шықты. Бұл жолы ол RBK Bank, Qazaq Banki және Еуразиялық банктен несие қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Осы іс бойынша сот Ертаевтың тағы төрт сыбайласына үкім шығарды. Сотталғандар банктерге ірі көлемде қаражатты қайтаруға міндеттелді.

2021 жылдың наурызында сот Жомарт Ертаевқа алғашқы қылмыстық іс бойынша тағайындалған жазаны жеңілдетті. 11 жыл орнына оған 9 жыл жаза тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети