Бұрынғы депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сотталды Фото:instagram.com/kudaibergen_kairat

Сот Қайрат Құдайбергенге 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қайрат Құдайбергенге 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Құдайбергенді жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

VII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген 2022 жылғы 22 сәуірде қаңтар оқиғалары бойынша қамауға алынған болатын. Содан бері ол қамауда болды.

Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында ол Алматыда Арман Жұмагелдиевпен (қылмыс әлеміндегі "Дикий Арман" лақап атымен танымал – еск.) бірге "Қазақстан" қонақүйінде адамдарды жинауды ұйымдастырғаны анықталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Құдайберген Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке біртұтас талап қоюға шақырған, сондай-ақ адамдарды әрқайсысы 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, олардан өздерінің топтарын айқындау үшін қолдарына ақ байлам тағуды талап еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети