Бұрынғы депутат пен шенеунік 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы депутат пен шенеунік 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 миллиард теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 миллиард теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып оларды одан әрі жылыстатты деп күдіктенген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа деректер анықталды.

"Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Б.К. Абишев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған", - делінген хабарламада.

Тергеу соты Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға "қамауда ұстау" шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети