Бұрынғы жұмысынан хабарласқан: қазақстандық әйел алаяқтарға сеніп, 2 миллион теңгесінен айырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы жұмысынан хабарласқан: қазақстандық әйел алаяқтарға сеніп, 2 миллион теңгесінен айырылып қалған Фото: polisia.kz

СҚО тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңге қаражатынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


СҚО тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңге қаражатынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда 59 жастағы тұрғынға белгісіз адам қоңырау шалған. Ол бұрынғы жұмыс орнынан хабарласып тұрғанын айтып, өзін кадр бөлімінің заңгері ретінде таныстырған. Ол әйелдің жеке ісін алып кеткенін айтып, мән-жайды анықтау үшін басқа "заңгердің" байланыс нөмірін жолдаған.

Кейін өзін құқық қорғау органының қызметкері және банк менеджері ретінде таныстырған адамдар хабарласып, оның интернет-алаяқтық тәуекелі жоғары топқа кіргеніне сендірген. Әңгіме барысында қауіп деңгейі үнемі күшейтіліп отырған.

Нәтижесінде белгісіз тұлғалар оның банк аккаунтын бұзуға әрекет жасалып жатқанын айтып, қаражатты сақтау мақсатында ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізген. Әйел алаяқтардың нұсқауын орындап, 2 миллион теңгеден астам жинағын аударып жіберген.

Кейін жәбірленуші алданғанын түсінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети