Бұрынғы қаржы полицейлерінің біразы жұмыссыз қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы қаржы полицейлерінің біразы жұмыссыз қалады ©Тengrinews.kz

Бұрынғы қаржы полицейлерінің бір бөлігі жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы қаржы полицейлерінің бір бөлігі жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

Tengrinews.kz тілшісінің "Демек, қандай да бір адамдар жұмыссыз қала ма?" деген сұрағына Қожамжаров "Иә. Іріктеу сыны болады", - деп жауап берді.

"Жаңа органда байқау, полиграф арқылы іріктелген адамдар жұмыс істейтін болады. Біз қазір жұртшылыққа үндеу тастаймыз: агенттікте жұмыс істегісі келетіндердің құжат тапсыруына болады", - деді ведомство басшысы.

Ол қазіргі уақытта Парламенттің қарауына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санына қатысты тиісті заң жобасы берілгенін айтты. "Қазір Парламентке енгіздік, кеше Үкімет мақұлдады. Содан кейін штат саны, басқасы анықталатын болады", - деді Қожамжаров "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысынан соң.

Қожамжаров бүгін жаңа ведомствоның құрылымы мен басым бағыттары туралы айтты. Бұл салаға жұмысқа қабылдауда іріктеу байқауындағы тестілеудің нәтижелері есепке алынады, тестілеу болашақ қызметкердің білімі мен кәсіби деңгейін ғана емес, жеке қасиеттерін де бағалайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети